Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтетін күн белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы 17 қазанға белгіленді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми сайтында хабарланды.

«Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Р.Күлекбаевқа қатысты қылмыстық іс түсті. Айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-т. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-т. (қаруды заңсыз жасау), 291-б. 4-т. (қару ұрлау), 200-б. 4-т. (көлік ұрлау), 126-б. 2-т. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған»,- делінген хабарламада.   

Іс бойынша тағы 6 айыпталушы бар. 5 айыпкерді қамауға алуға санкция берілген. Айыпталушы Н.Әбдімомынға рұқсатсыз қаладан кетуіне тыйым салынған. Р.Люға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-тармағы, 288-бабының 1-тармағы, 287-бабының 4-тармағына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ж. Сапарбековтің үстінен ҚР ҚК 192-б.4-т; 287-б, 4-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Е. Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы бойынша, Д. Әсембекұлына қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы, Н. Әбдімомынға қатысты ҚР ҚК 287-бабының, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс 61 томнан тұрады. Іс бойынша 23 жәбірленуші, 72 куәгер, 6 қорғаушы бар. Тергеу тобы 57 сотқа дейінгі сот сараптамалық зерттеулер мен сараптамалар әзірледі. 200-ден астам куәгер тыңдалды.

12 қазан күні Күлекбаевтың ісі сотқа тапсырылған.

Соңғы жаңалықтар