Руслан Күлекбаевқа қатысты үкім мораторийге байланысты орындалмауы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Руслан Күлекбаевқа қатысты өлім жазасын тағайындау үкімі мораторийге байланысты орындалмауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Күлекбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Сот айыптау тарапының ең жоғарғы жаза тағайындау туралы ұстанымын толығымен қолдады. Бүгінгі таңда Қазақстанда өлім жазасын орындауға мораторий жарияланған. Осыған байланысты аталған жаза орындалмауы мүмкін. Мораторий мерзімі шексіз, бірақ ол кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін. Осы мәселе нақты шешілгенге дейін Күлекбаев түрмеде жазасын өтей береді», - деді Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Ертаев.

Соңғы жаңалықтар