Руслан Күлекбаевқа қатысты басты сот отырысының уақыты белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтіп, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов бас сот отырысын 24 қазанға белгіледі.

«Дүйсенбі, 24 қазан күні бас сот отырысы сағат 10.00-да басталады. Айыпталушылардың қорғаушылары басқа істерден босап, осы іске келулеріңіз шарт. «Келе алмай қалдым деген» деген мәселе болмауы керек. Жәбірленушілердің туыстары барлықтарыңыз қатысуларыңыз керек. Сот ашық өтеді. Тағы да қатысамын деген туысқандар болса, алдын ала тіркелу қажет», - деді Ерлан Болатов.

null  

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Р.Күлекбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді. 2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша, сотқа Күлекбаев пен өзге де азаматтар жолданды. Р.Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террористік акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.

null  

Нақтырақ айтқанда, айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-т. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-т. (қаруды заңсыз жасау), 291-б. 4-т. (қару ұрлау), 200-б. 4-т. (көлік ұрлау), 126-б. 2-т. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.  

null  

Сондай-ақ Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, Р.Күлекбаевпен бірге М. атты кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомын да сотқа берілді.

Айыпталушы Н.Әбдімомынға рұқсатсыз қаладан кетуіне тыйым салынған. Р.Люға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-тармағы, 288-бабының 1-тармағы, 287-бабының 4-тармағына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ж. Сапарбековтің үстінен ҚР ҚК 192-б.4-т; 287-б, 4-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Е. Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы бойынша, Д. Әсембекұлына қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы, Н. Әбдімомынға қатысты ҚР ҚК 287-бабының, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

null 

Соңғы жаңалықтар