Руслан Изимов: Циндао саммиті ШЫҰ тарихының жаңа парағын ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Циндао саммиті күтілгендей, аталмыш ұйым тарихының жаңа беттерін ашты. Мұндай пікірді ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының Еуразиялық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі, сарапшы, қытайтанушы Руслан Изимов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Саммиттің алдын ала қорытындылары көрсетіп отырғандай, жаңа «еуразиялық сегіздік» бүтін Еуразия құрлығы үшін жеке күн тәртібін қалыптастыра алады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары өз сөздерінде атап өткендей, ұйым 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясында белгіленген базалық міндеттерге басымдық беруді жалғастыра береді.  Олар - сауда-экономикалық ынтымақтастық, ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік-логистика саласында өзара әрекеттестікті кеңейту, мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту", - деді сарапшы.

Әсіресе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға қатысушылардың назарын көпжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайту қажеттігіне аударды. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұйым аясында жобаларды қаржыландырудың бірлескен механизмдерін құрудың ерекше маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі валюталық тәуелділік қаупін төмендету мақсатында ШЫҰ-ға мүше барлық елдердің ұлттық валюталарында өзара есеп айырысу қажеттігін айтты. 

Соңғы жаңалықтар