Руслан Хамбаров Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Руслан Хамбаров тағайындалды. Ол бір жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары болып, шағын және орта бизнестің дамуына, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек қызметіне жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовты да қызметтен босатқан болатын. Ал бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Руслан Хамбаров тағайындалды. Бұл мәліметті облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, Руслан Хамбаровтың білімі жоғары. Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «ҚазЦинк» ЖШС қаржы жөніндегі вице-президентінің көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің, Шығыс Қазақстан облыстық Салық департаментінің Өскемен қаласы бойынша басқармасының бас маманы, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Астана қалалық Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, 2018 жылдың шілде айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекекттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі 2020 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар