Руслан Дәленов журналистерге костюмін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда тігілген костюм киетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Елбасы шенеуніктерді Қазақстанда тігілген киім киюге шақырғанын айта келе, министрдің үстіндегі костюм қай елдің өнімі екендігін сұрады.

«Президенттің бастамасын толық қолдаймын. Мен қазақстандық өнімдерді тұтынамын. Мәселен, үстімдегі костюм Қазақстанда тігілген. Зат белгісінде Қазақстан сөзінің өзі латын әліпбиімен «Q» әрпімен жазылған», - деді Руслан Дәленов.

Еске салайық, Руслан Дәленов бұған дейін коммуналдық қызметтерге қанша төлейтінін айтқан болатын.

«Кеше пошта жәшігінен түбіртекті алдым. Электр энергиясы бойынша тариф 15,32 теңге болса, қазір 13,89 теңге, яғни төмендеу 10 пайызды құрады. Бұл Астана бойынша мәлімет. Жылу беру 3 097 теңге болса, 2 788 теңге деңгейінде қалыптасты. Жалпы, 10 пайыздық төмендеу байқалады. Егер де осындай өзгерістер сезілмесе, онда тікелей маған келулеріңізді сұрар едім. Сәйкесінше, осы мәселені өзімнің бақылауыма аламын», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Соңғы жаңалықтар