+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Руслан Дәленов: Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді

2020 жылғы 29 шілде 15:17
Бөлісіңіз:
Руслан Дәленов: Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шараларды белсенді түрде іске асырып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуына кім жауапты «Көше саудасы - 1000 орын» бағдарламасы: Елордада 1700 жұмыс орны құрылды Кентауда «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

«Біріншіден, Төтенше жағдай кезеңінде экономиканы тұрақтандыру және халықты қолдау бойынша жедел шаралардың 2 пакеті қабылданды. Шаралар жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың табысын төмендетпеуге, тұрғын-үй құрылысына, бюджеттің салық кірістерін қалпына келтіруге және басқа да салаларға бағытталған. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы төленуде. Сонымен қатар еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» жаңа бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді. Осы бағдарламаны іске асыру өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл – апатты және үш ауысымды мектептер санын азайту, газдандыру, сапалы жергілікті жолдар салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы шаруалар», - деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Мысалы Жамбыл облысында газдандыру жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Қордай ауданы ауылдарының 50 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді. Сол секілді Атырау облысы Құрманғазы ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық су желесінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осындай жобалар еліміздің әр өңірінде халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша өзекті міндеттерді шешпек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT