Руслан Дәленов: Жалпы ішкі өнім 4,4 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы 11 ай қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өскен. Ал осы жылғы қаңтар мен қарашада экономиканың өсуі 4,4 пайызды құрады. Осыған байланысты желтоқсанда өсім төмен болмайды деп ойлауға негіз бар. Біріншіден, биыл экономика өсім серпінін көрсетіп отыр. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібінде оң көрсеткіштер байқалуда», - деді Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,3 пайызға дейін артқа. Қараша айында жылдық инфляция 5,4 пайызды көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар