Руслан Дәленов өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қарамағындағы қызметкерінің істі болуына байланысты өзінің отставкаға кету мүмкіндігіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сенатта тілшілер ведомство басшысынан ҚР ҰЭМ департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыповтың алаяқтық бойынша кінәлі деп танылауына байланысты қандай іс-қимылдар жасайтындығы туралы сұрады.

«Сот шешімі күшіне енсе, отставкаға беремін. Мұны дұрыс тәжірибе деп санаймын. Бұл өз кезегінде бірінші басшысының моральдық міндеті. Ал бірінші басшысының кінәсі қаншалықты екенін оны жоғары тұрған басшылық айқындайтын болады», - деді Р. Дәленов сауалға жауап бере отырып.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықта айыбы ашылған қарамағындағы қызметкерлері үшін бірінші басшылардың жауапкершілігінің қажеттігі туралы айтқан болатын.

«Егер біз жемқорлықты түбегейлі жоюды міндет етіп алсақ, меніңше, мемлекеттік орган басшылары мұндай жағдайда отставкаға кетуі керек. Олардың отставкаға кетуін қабылдауды немесе қабылдамауды Мемлекет басшысы шешеді. Бірақ жұмыстан босату туралы арыз жазуы міндетті шара болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар