Руслан Дәленов өнеркәсіп салалары өте баяу өңірлер туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде өнеркәсіп өсімі жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысындаел экономикасының 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіп бойынша Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары төмен нәтиже көрсетті. Бұл ретте Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында осы жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда құлдырау артты. Ауыл шаруашылығы бойынша Манғыстау облысынан басқа барлық өңірлерде оң үрдіс сақталуда», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы артта қалған өңірлердің қатарында тұр. Ақмола облысынан басқа, аталған өңірлерде өндірістік төмен нәтиже қысқарып келеді. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша артта қалған өңірлердің тізімін Маңғыстау облысы толықтырды. Қысқару қарқындары Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында сақталып отыр.

«Өңірлік бөліністе төмен көрсеткіштердің ең көп саны бар өңірлер анықталды. Олар Манғыстау облысы - инвестициялар, құрылыс, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары; Нұр-Сұлтан қаласы - инвестициялар, құрылыс және тұрғын үйлерді пайдалануға беру салалары; Шымкент қаласы - инвестициялар, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және құрылыс салалары бойынша. Бұдан басқа, аталған өңірлерде инфляция деңгейі, оның ішінде азық-түлік тауарларына орташа республикалық мәннен жоғары тіркелді», - деді Р.Деленов.

Сонымен қатар, министр бірқатар өңір, атап айтқанда Қостанай, Атырау, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бірден бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпінді көрсетіп отырғанын жеткізді.

«Мәселен, Қостанай облысында инвестициялар, құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салалары бойынша айтарлықтай өсу байқалады. Атырау облысынан басқа қалған өңірлерде инфляция орташа республикалық мәннен төмен болып тіркелді»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар