Руслан Дәленов өңдеу өнеркәсібі өсім көрсеткен өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібі 3,3 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіп бойынша жалпы алғанда өндіріс көлемдері сақталды. Бұл ретте кен өндіру өнеркәсібі 2,2 пайызға төмендеді, ал өңдеу өнеркәсібі 3,3 пайызға өсті.

Өңірлердің көбінде өнеркәсіптің өскені байқалады. Ең жоғары өсімді Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. 5 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы», - деді Руслан Дәленов.

Оның атап өтуінше, өңдеу өнеркәсібінде шығарылым 3,3 пайызға өсті.

«Өсудің жоғары қарқынын фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, оның ішінде автомобильдер және жеңіл өнеркәсіп көрсетіп отыр. Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар