Руслан Дәленов: МЖӘ жобаларының бірыңғай базасы кеңейтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бірыңғай базасы кеңейтілетін болады. Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарымен кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазынашылық тіркеу болмаса, онда бірде бір келісімшартты банк алмайды. Қазынашылық тіркеу 2017 жылдан енгізілген. Барлығы 402 келісімшарт 1,1 трлн теңге сомаға тіркелген. Алдағы уақытта да мұндай келісімшарттар қазынашылықта тіркелетін болады", - деді вице-министр МЖӘ жобаларын жүзеге асырудағы ахуалға тоқтала келе.

Сонымен қатар ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бірыңғай базасын кеңейту мәселесіне тоқталды.

"МЖӘ-мен айналысқысы келетін көптеген бизнесмен, МЖӘ ұйымдастырғысы келетін мемлекеттік органдар олардың қандай жоба екендігін, үлгілерімен қайдан танысуға болатындығын сұрап жатады. Сондықтан бірыңғай база жасадық. Онда барлық жобалардың атауы, сомасы, келісімшарт датасы көрсетілген. Дегенмен, қазір бизнесмендер кеңірек ақпараттарды білгілері келетіндігін айтып жатыр. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бірге әрбір нысан бойынша жан-жақты ақпараттарды көрсететін сілтемені әзірлеп жатырмыз. Инвестор сілтемеге өту арқылы нақты жобаны көре алатын болады", - деді Руслан Дәленов.

Соңғы жаңалықтар