Руслан Дәленов: Мақсат - 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 35% жеткізу

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қолдау мен қорғаудың бірқатар мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде экономикалық ведомство басшысы ұлттық экономиканы нығайтудағы бизнес-қоғамдастықтың рөлін атап көрсетті.

«Дамудың негізі – шағын және орта бизнес. Бүгінгі таңда ШОБ - экономиканың тұрақты өсуі мен жұмыспен қамтудың негізгі элементі. Біздің міндетіміз - 2025 жылға қарай ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 35%-ке, 2050 жылға қарай 50%-ке жеткізу. Бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді», - деді министр.


Қабылданып жатқан қаржылық және заңнамалық сипаттағы мемлекеттік қолдау шаралары мен бизнес ортаны одан әрі жақсарту мәселесі кездесудің негізгі тақырыбына айналды. Тексерулер мен талаптардың санын қысқарту, сондай-ақ рұқсат пен анықтама беру процесін оңтайландыру әңгімеге өзек болды.

Жұмыс кездесуіне қатысушылар бірнеше ұсыныс айтты.

Атап айтқанда, ауылдағы мүлікті қайта бағалау, кредиттеу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы көліктерге салықтық жеңілдіктер, экологиялық төлемдер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге гранттар, жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің табысын нығайту және туризмді дамытуға қатысты.

Бұдан басқа, жергілікті кәсіпкерлер сату салығының жаңа жеңілдікті режіміне қатты қызығушылық танытып, қызмт түрлерінің тізбесін кеңейтуды ұсынды.

«Жоғарыда аталған мәселелер біздің Министрлік қызметінің басым бағыты болып табылады. Біздің мақсатымыз – отандық бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау», - деді Дәленов.

Сонымен бірге, Көкшетау қаласында Ұлттық экономика министрі қыш кірпіш өндіретін «ENKI» кәсіпорнында болып, автоматтандырылған технологиялық өндіріс үдерісімен және шығарылатын өнім желісімен танысты.

Зауыт 2010 жылғы желтоқсанда іске қосылды. Бүгінде кәсіпорында 250-ден астам қызметкер еңбек етеді.

Жыл сайын зауыт 60 млн керамикалық кірпіш өндіреді және өнімділікті арттыруға ниетті.

Кәсіпорында жылына 30 млн кірпіш шығаратын жаңа цех құрылысы жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар