Руслан Дәленов: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жетілдірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жетілдіру бойынша бірқатар шара қабылданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жетілдіру бойынша бірқатар шара қабылданды. Біріншіден, берілетін мемлекеттік кепілдік мөлшері ұлғайтылды. Кепілдік беру мерзімі 2 есе қысқартылды және агроөнеркәсіптік кешен өндірісі жобалары үшін кепілдік көзделді. Екіншіден, бағдарлама мерзімін 2021-ші жылдың соңына дейін ұзарта отырып, кредиттеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге ұлғайтылды. Кредиттеуді ұлғайту үшін әрбір екінші деңгейдегі банктер лимиті арттырылды«, - деді министр.

Оның айтуынша, үшіншіден, кредиттеуді ұлғайту мақсатында экономикалық қызмет түрлері кеңейтілді.

«Сондай-ақ «Қазақстан даму банкі» АҚ арқылы өңдеуші өндірістерді қаржыландыру ұлғайтылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар