Руслан Дәленов инвестициялық салық саясаты жайында: Салық төлемей-ақ қой, кейін бересің

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңа инвестициялық салық сасаты енгізіледі. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлікке берілген инвестициялық саясат жөніндегі өкілеттікті негізге ала отырып, инвестиция тартудың экожүйесін құру аясында жұмыстарды жандандыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде түзетулер дайындалып жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, министрліктің жанында инвестициялық заңнама мен ахуалды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Инвестициялық штаб жұмыс істейді.

«Біз әзірлеген заңнамалық түзетулерде инвесторларға экономиканың басым салаларындағы ірі жобалар бойынша тұрақты жағдай туғызу көзделеді. Сонымен қатар Салық кодексінде инвестициялық салық кредиті қарастырылған. Өйткені, кәсіпорындар жұмысын бастаған кезде әдетте олардың айналым қаражаттары өте аз болады. Бұған қоса, салық төлеу қажет. Сол себепті біз егер ол кәсіпорын басым салада болса, онда оларға инвестициялқ салық кредитін ұсынамыз. Салықты төлемей-ақ қой бірнеше жылдан кейін бересің», - деді Р.Дәленов.

Соңғы жаңалықтар