Руслан Дәленов: Интернет-сауда - ауыл үшін керемет мүмкіндік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тамақ өнімдерінің электрондық сауда көлемі 15,4 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде электрондық сауданың айрықша қарқынды бағыттарының бірі тамақ өнімдерін және ауыл шаруашылығы тауарларын сату болып табылады. 2023 жылға қарай аталған сегмент 2018 жылмен салыстырғанда, 64 пайызға өсіп, оның көлемі 134,5 млрд АҚШ долларына жетеді. Қазақстанда тамақ өнімдерінің электрондық сауда көлемі 15,4 млрд теңгені құрайды және жалпы тауарлардың электрондық саудасының 4 пайызын алады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, электрондық саудада аумақтық шекаралар жоқ.

«Сондықтан, біздің отандық ауыл шаруашылығының өндірушілері үшін бұл жаңа нарыққа шығуға, өзінің сатып алушысын іздеуге шексіз мүмкіндік береді. Интернет-сауда - бұл ауылдық жерлерде сауданы дамыту үшін тамаша мүмкіндік», - Р.Дәленов.

Соңғы жаңалықтар