Руслан Әлішев СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Руслан Әлішев М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.

2004-2013 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің инспекторы, Ішкі саясат басқармасының орынбасары және басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

2013-2018 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы, «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметінің» басшысы болып жұмыс істеді.

Мадияр Қожахмет басқа жұмысқа ауысуына байланысты СҚО әкімі орынбасары қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар