Румыниядағы қазақстандық мұнай өңдеу зауытында өрт болып, бір адам қаза тапты

None
None
КОНСТАНЦА. ҚазАқпарат - Petromidia мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді, жағдай бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат KMG International компаниясына сілтеме жасап.

2 шілде, жұма күні Румынияның Констанца қаласының маңындағы «Petromidia» мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өңдеу қондырғысында оттың тұтануына әкеліп соққан оқиға болды.

KMG International компаниясының корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Ескендір Әбдібайытовтың хабарлауынша, алдын ала ақпаратқа сәйкес бес адам зардап шеккен, бір адам қайтыс болды.

Дағдарысты басқарудың ішкі рәсімдеріне сәйкес компания барлық ресурстарды жұмылдырды, зауыттағы технологиялық процестер тоқтатылды, барлық қызметкерлер эвакуацияланды.

«Қазіргі уақытта МӨЗ-дегі өрт сөндірілді. Оқиға орнында зауыт пен жергілікті биліктің өртке қарсы қызметтері жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда», – деп хабарлады Е. Әбдібайытов.

Еске сала кетейік, Қара теңіз жағалауында орналасқан «Petromidia» - KMG International компаниясының Румыниядағы мұнай өңдеу зауыты.


Соңғы жаңалықтар