+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Румынияда өлтірілген қарашақаз Қазақстан орнитологтарына құнды ақпараттар жіберіп тұрған

2020 жылғы 19 қаңтар 10:40
Бөлісіңіз:
Румынияда өлтірілген қарашақаз Қазақстан орнитологтарына құнды ақпараттар жіберіп тұрған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Солтүстік Қазақстанда спутниктік хабар таратқыш тағылған қарашақаздың бірін болжам бойынша Румынияның оңтүстік-шығысында браконерлер өлтірген. Бұл жайында Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысының тұрғынынан 500 келідей бекіре тұқымдас балық тәркіленді Түркістанда қаланы көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқын алды Түркістан облысында экологиялық заңнаманы бұзғандарға 13 млн теңге айыппұл салынды

Болгария құстарды қорғау қоғамдастығы (BSPB) мен Румыния орнитологиялық қоғамдастығы (SOR) мамандарының хабарына қарағанда, осыдан екі күн бұрын қарашақаз Виктория ауылынан хабар беріп тұрған. Қазіргі уақытта сарапшылар мен жергілікті билік өкілдері ақпарат жинаумен айналысып жатыр.

Эмилия лақап аты берілген құс 10 ай бойы бірнеше елдің орнитологтарына миграциялық жылжу туралы құнды ақпарат беріп тұрған еді.

Бұған дейін Торғай даласына жіберілген ұрғашы құланды браконьерлер өлтірген болатын. Аталған құлан 2018 жылы Орталық Қазақстанда құландардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында жабайы табиғатқа жіберілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғылым, Оқиға, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT