Румынияда Құрманғазының белгілі шығармалары орындалды

None
None
БУХАРЕСТ. ҚазАқпарат – Бухарестегі Ұлттық музыка университетінде Қазақстан Республикасының 30 жылдығы және Наурыз мейрамына орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы музыканттарының онлайн концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Концертте Құрманғазының танымал шығармалары, қазақ музыкасының классикасына айналған - «Балбырауын», Адай», «Сарыарқа» күйлері орындалды. Бұдан бөлек, «Бозторғай» және «Бақташы» сынды румын халық әуендері ұсынылды.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың Бухарест Ұлттық музыка университетінің ректоры Диана Мошпен кездесуінде екі мекеме арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру келешегі талқыланып, ықпалдастық жөніндегі меморандумның мерзімін ұзарту құжатына қол қойылды. Құжат музыкалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, студенттермен және профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу мәселесіне қосымша серпін беру мақсатын тұтады.



Сондай-ақ румын тарапы 19 ғасырдағы қазақ ұлттық музыкасының ұлы тұлғасы, күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен танысты.

Бұдан бөлек, А.Жүдебаев румын елінің TVR Ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, консерваторияның қызметі, отандық музыка мәдениетінің дамуы жөнінде айтып берді.




Соңғы жаңалықтар