Румыния жерінде Абай әуендері әуеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Румыния камералық оркестрі танымал режиссер Кристиан Мекеларудың жетекшілігімен қазақтың ұлы ақынының шығармаларын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Румыниядағы мәдени күндері аясында өткен концерт барысында румын жұртшылығы қазақ әуенін сүйсіне тыңдап, сыйлық ретінде Абайдың румын тіліне аударылған қара сөздері кітабын алды.

Айта кетейік, тамыздың 21-23 күндері Румынияның Клуж-Напока қаласында мәдени шара аясында осы елде тұрып жатқан қазақтың танымал жас суретшісі Алуа Тебенованың көрмесі ашылды. Мұнан бөлек, румын жұртшылығы қазақ халқының бастан кешірген тарихи оқиғалары жайында сыр шертетін «Қазақ хандығы. Алтық тақ», «Шыңырау» және «Құнанбай» фильмдерін тамашалады.

Румыния камералық оркестрі классикалық музыканы әлемдік деңгейде ілгерілетін жүрген өнер ұжымы саналады. Ансамбль сапында әлемге танымал оркестрлердің құрамында өнер көрсететін 21 румын музыканты бар. Оркестр сценарийі Александру Томеску мен Ладислав Кристиан Андрейдің бастамасымен құрылған.



Соңғы жаңалықтар