Румыния Қазақстан өнімдерінің экспортын арттыру үшін өз порттарын ашуға дайын

None
Фото: usm.media
АСТАНА. ҚазАқпарат – Румыния Парламентінің депутаты Борис Волосатый Еуропа экономикасын дамыту тұрғысында Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту мақсаты қойылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Румыния үшін Қазақстан табысты серіктес ретінде қарастырылып отыр. Біздің Қара теңіздегі порттарымыз Қазақстан үшін Еуропа нарығына шығатын алаң бола алады. Сонымен қатар, Қазақстан нарығы Румыния мен Еуропа экономикасының дамыту тұрғысында тартымды болып тұр», - деді Борис Волосатый елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Б. Волосатый Қазақстандағы Парламент депутаттарын сайлау кезеңіне халықаралық байқаушы ретінде келді.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан демократиялық бағытта маңызды қадам жасап, оңтайлы реформаларды іске асырып жатыр.

«Сайлауға дайындық тыңғылықты жүргізілгені байқалды. Сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жатқан адамдар күрделі сұрақтарға жауап бере алатын, сайлау заңнамасын білетін мамандар екеніне көзім жетті», - деді халықаралық байқаушы.


Соңғы жаңалықтар