Румыния депутаты: Қазақстандықтар демократиялық құқықтарын жақсы пайдаланып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Румыния Парламентінің депутаты, халықаралық байқаушы Валерий Стерио Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында халықтың белсенділігіне жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Румыниядан өзімнің әріптесім - румындық тағы бір депутатпен (Сефер Кристиан - авт.) бірге келдік. Түске дейін елордадағы төрт бірдей сайлау учаскесін араладық. Шынымызды айтсақ, біз сайлаудың демократиялық және транспарентті жүйесін көріп отырмыз. Өзінің дауыс беру құқығын - демократиялық құқығын пайдалану үшін тұрғындар ауа райының жайсыздығына қарамастан таңертеңнен бері сайлау учаскелеріне ағылды. Балаларымен бірге келіп жүрген жандарды көрдім. Ұзын-сонар кезектер болды. Басқа да халықаралық байқаушылармен бірлесе, кеңесе келе сайлаудың сәтті өтіп жатқаны туралы ойға келдік», - деді румын депутаты елордада халықаралық байқаушылардың баспасөз мәслихатында.

Валерий Стерио өз сөзінде Қазақстандағы кезектен тыс сайлауға қатысуда халықтың белсенділігін жоғары екендігін жеткізді.

«Бұл - сайлау үшін жақсы көрсеткіш. Қазақстандықтардың белсенділігін ерекше атап өтер едім. Осы елге бірінші рет жолым түсіп тұрса да, елдің дамуына, өмір сапасына, қала көркіне таңғалғанымды жасырмаймын. Бұл дегеніміз - осы уақытқа дейін саясаттың бұл елде дұрыс жүргізілгенін білдіреді. Қазақстанның болашағы да жарқын болар деген сенімдемін. Қазақстанның осы бағыттағы жұмысы жалпы аймақтағы басқа елдерге модель бола алады», - деді байқаушы.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Соңғы жаңалықтар