Румыния дағдарысты еңсеру бағытында 20 миллиард еуро көлемінде қарыз алды

None
None
аурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Румыния дағдарысты еңсеру бағытында 20 миллиард еуро көлемінде қарыз алды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында жасаған дәрістен кейін қатысушылардың сұрақтарына жауап беру кезінде Румыния Президенті Траян Басеску мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Румынияның дағдарысты еңсеру бағдарламасы екі бағытта жүргізілді. Біріншісі бойынша біз 20 миллиард еуро көлемінде Еуроодақтан, Дүниежізілік валюта қорынан қарыз алдық. Бұл қаржының 11 миллиард еуросын пайдаландық. Осы қаржының бір бөлігін мемлекеттік бюджет ресурстарын қамтамасыз етуге жұмсадық. Сондай-ақ аталған қаржының көбін Ұлттық банктің валюталық резервін нығайтуға бағыттадық»,-деді Румыния басшысы.

Т. Басеску бұл шаралар ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтауға, сондай-ақ банктердің нарықтарда қауқарлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар