Румыния байқаушылары: Қазақстанда президенттік сайлау ашық өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға президент сайлауын байқаушылар ретінде келген Румыния Парламентінің депутаттары Валери-Андрей Стериу және Кристиан-Георге Шефермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше сайлау учаскесінде болғаннан соң, румындық депутаттар сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейі, ашық өткені, сондай-ақ сайлаушылардың патриоттық сезімі мен белсенділігі қатты таң қалдырғандығын атап өтті. Румындық байқаушылар тобы алты Парламент мүшесі және Сыртқы істер министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдардың екі өкілінен тұрады.

«Бұл сайлау сіздің еліңіз үшін маңызды тарихи сәт, сонымен қатар сайлау аса жоғары деңгейде ұйымдастырылды», - деді В. Стериу.

Депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Румыния мен халықаралық қоғам Қазақстаннан көп нәрсеге үйренуге болады деп атап өтті.

«Бізде де жақын арада президенттік сайлау өтеді, сондықтан бұл мәселеде бізге сіздерден көп нәрсені үйрену қажет», - деп қосты депутаттар.

В.Стериу румындық депутаттарды байқаушы ретінде шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Румыния Парламентері арасындағы өзара іс-қимылдарының белсенділігін атап өтті.

Сонымен қатар румындық тарап екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту ниеті туралы мәлімдеп, оның ішінде әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты пысықтау мүмкіншілігі.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм саласындағы байланыстарды нығайту туралы баса айтты. Тараптар осы саладағы нақты жобаларды талқылау жөнінде уағдаласты. Румындық «Ромпетрол» мұнай компаниясына инвестиция құю арқылы Қазақстан осы елдің маңызды әріптесі болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 1,7 млрд АҚШ долларын құрады, сонымен қатар Қазақстанда румындық капиталмен 44 компания жұмыс істейді.

2019 жылдың бірінші жартылығында өткен Румынияның Еуропалық одаққа төрағалығы, осы кезеңде Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын қабылдау барысында еуропалық бағыттағы ҚР басымдықтарының жылжытылуына ықпал етуіне бөлек көңіл бөлінді.

Қазақстандағы румындық диаспора, оның екі халық достығын нығайту маңыздылығы кездесудің басты тақырыптарының бірі болды. Қазақстанда шамамен 20 мыңы қазақстандық румындар, олар Қазақстан мен Румыния арасындағы достық көпірін жалғастырушы. Сондай-ақ, СІМ басшысы румындық жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттердің санын өсіруге шақырды.

Кездесудің соңында ҚР Сыртқы істер министрі Румыния депутаттарына президенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

null

Соңғы жаңалықтар