USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Румен Радев Болгарияның президенті болып қайта сайланды

2021 жылғы 24 қараша 09:10
Бөлісіңіз:
Румен Радев Болгарияның президенті болып қайта сайланды

СОФИЯ. Синьхуа-ҚазАқпарат –– Болгария Орталық сайлау комиссиясы сейсенбі күні елдің қазіргі президенті Румен Радевтің президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетіп, аталған лауазымға қайта сайланғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Омикрон» штамы Оңтүстік Америкаға жетті Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін Еуропарламент төрағасы Давид Сассоли қайтыс болды

ОСК жариялаған дауыс беру нәтижесіне сәйкес, Р. Радев жексенбі күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінде 66,72 пайыз дауыс жинады. Оның қарсыласы, София университетінің ректоры Анастас Герджиковке электораттың 31,8 пайызы дауыс берген.

14 қарашада Болгарияда президент сайлауы өтті. 23 кандидаттың ішінен ешбірі жеткілікті дауыс жинамағандықтан және дауыс беруге келген тұрғындар саны 50 пайызға жетпегендіктен, бірінші кезеңде президент сайланбады. Бірінші турда көш бастаған Р. Радев пен А. Герджиков екінші турға қатысты.

Р. Радев 1963 жылы туған, ол ұзақ уақыт бойы елдің Қарулы күштерін басқарып келді. 2016 жылдың қарашасында өткен президент сайлауында жеңіске жетіп, 2017 жылдың қаңтарында Болгария президенті ретінде қызметін бастады. Конституцияға сәйкес, президент бес жылға сайланады. Ол тек бір рет қана қайта сайлана алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT