+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Рульде полицей болған: Қарағандыда жол апатынан сәби көз жұмды

2021 жылғы 20 қазан 01:31
Бөлісіңіз:
Рульде полицей болған: Қарағандыда жол апатынан сәби көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір жасар бала көз жұмды. Көліктердің бірін полиция қызметкері тізгіндеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған 29 жастағы полицей ауыр жарақаттанды

Қайғылы оқиға 19 қазан күні сағат 21.45-те Қарағанды қаласында Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған. «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі – 37 жастағы полиция қызметкері жұмысынан үйіне қайтып бара жатып, бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткен. Салдарынан 29 жастағы азаматтың басқаруындағы «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінде болған 1 жастағы сәби қаза болды. Жүргізуші және 27 жастағы жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. «Mercedes» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT