Рұқсат етілмеген жерде суға түскен 40 жастағы қостанайлық көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -Рұқсат етілмеген жерде суға шомылған Қостанай қаласының тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше болды. Ер адамның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарды.​

«Кешке «Геолог» бау-бақша қоғамы ауданындағы Тобыл өзені жағасында жергілікті тұрғындар 1979 жылы туған азаматтың мәйітін судан алып шықты. Ол жабдықталмаған жерде суға секірген. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде суға түскен», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.​

Кісі өлімінің нақты себептері анықталып жатыр. Мәйіт медициналық сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар