Рұқсат етілген қарумен жасалатын қылмыс саны өршіп тұр - Б. Бекжанов

None
None
ТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Берік Бекжанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа депутаттық сауал жолдады.

«Күнделікті қоғамдағы жаңалықта «бірін-бірі атып кетіпті», «қарумен қорқытыпты», «қару асыныпты» деген сұмдық оқиғаларды жиі еститін болдық. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заңына сәйкес азаматтық қару республика азаматтарының өзін-өзі қорғауына, спортпен шұғылдану және аң аулауға арналған қарулар жататыны айтылады. Алайда, күнделікті тәжірибе көрсетіп отырғандай жарақат келтіретін патроны бар ұңғысыз атыс қаруларын (оса, Стражник және т.б.) азаматтар қорғану үшін емес көп жағдайда қорқыту мен үркіту, бұзақылық шоқпарына, яғни қылмыс құралына айналдырған», - дейді Берік Бекжанов. Осы ретте депутат жоғарыдағы мәселелерге қатысты бірқатар нақты мысалдарды да алға тартты. Әсіресе жастар арасында бұндай қатыгездіктің, қарумен жасалатын қылмыстың өршіп отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта ұңғысыз қарумен жасалатын қылмыстардың саны көбейіп отыр. Мәселен, депутаттың мәліметіне қарағанда, 2009- 2011 жылдары осы қару түрін пайдаланып орта есеппен бір жылда 120 қылмыс жасалған (2009 жылы 105, 2010 жылы 142, 2011 жылы 115). Оның ішінде 2009 жылы балаларға қарсы жасалған қылмыс саны біреу, 2010 жылы- 4 болса, ал 2011 жылдың 9 айы ішінде қылмыс саны 9-ға дейін жеткен. Балаларға қарсы атыс қаруымен жасалған қылмыс барлық қылмыстың 0,11 пайызын құрайды. «Қазір елімізде 16346 адам травматикалық қарудың иесі ретінде тіркелген, олардың қолында 17023 азаматтық қару бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда қару иелерінің саны 11 пайызға жоғарылаған. Қылмыстарды талдау оларды жасайтын адамдардың негізгі санаты 25 жасқа дейінгі жастар, бұрын сотталғандар, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екендігін көрсетіп отыр. Бұған заңның өзі де жол беріп отыр десек те болады. Себебі заңға сәйкес кез-келген 18 жасқа толған Қазақстан азаматы бұл қаруды иемденуге құқылы. Сонда кеше ғана мектепті бітірген бүлдіршін, студент болған кезінде қарумен жүруге құқылы деген сөз. Бұл жастардың арасындағы барлық түсініспеушілікті қару арқылы шешуге алып келуде», - дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар