«Рухани жаңғыру» шаралары пайдалы әрі қызықты болуы қажет – Болат Тілепов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік ақпаратына сәйкес , кездесуде бағдарламаны іске асыру бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары және биылғы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды.

Б.Тілепов айтып өткендей, бағдарлама аясындағы әрбір жобаның іс-шаралары қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылып, олар пайдалы әрі қызықты болуы тиіс.

«Кездесу барысында вице-министр бағдарлама аясында ағымдағы жылы бастамашылық етілген жаңа жобаларды сапалы және тиімді іске асыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды. Жоспар жаңа талаптарды ескере отырып әзірленеді және сараптамалық қоғамдастықтың қарауына ұсынылатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар