Рухани жаңғыру: Риддерде бейне таныстырылымдар байқауы өтті

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында «Ұлы Дала елі» атты бейне таныстырылымдар сайысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің арасында өтті.

Үміткерлер «Киелі жерлер картасы», «Қызықты сұрақтар қобдишасы» «Шығармашылық іскерлік ойын» атты үш бағыт бойынша бақ сынасты.

«Байқауға түрлі тың идеялар ұсынылды. «Рухани жаңғыру» тақырыбының сан қырлы екенін, жастардың ол туралы түсінігі сан тарапты қамтитынын көрдік. Осы тұрғыдан алғанда конкурс өз мақсатына жетті», - дейді Риддер қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Дүкенбаева.

Конкурс қорытындысы бойынша, байқауда бірінші орынды Д.Қонаев атындағы №3 орта мектеп иеленсе, екінші орын №14 мектепке бұйырды. №2 орта мектеп жеңімпаздар үштігін түйіндеді.



Соңғы жаңалықтар