+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Рухани жаңғыру: Павлодар облысында 40-тан аса ірі жоба іске асырылады

2019 жылғы 30 мамыр 15:17
Бөлісіңіз:
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында 40-тан аса ірі жоба іске асырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінің әр ауданы мен қаласында жазғы уақытта «Рухани жаңғыру» аясында ірі жобалар жүзеге аспақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады. Бағдарлама аясында Павлодар қаласында қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері Естай Беркімбайұлының ескерткіші мен музейі ашылмақ.

Ескерткіш Естай атындағы мəдениет сарайының маңында бой көтерсе, музей ғимараттың ішінен орын алады. Екібастұз қаласында «Туған жер» арнайы жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тың жоба - «Сәбилер аллеясы».

Мұнда Екібастұзда туған əрбір нəрестенің құрметіне ата-анасы белгіленген жерге бір түп ағаш отырғызады. «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан тұлғалардың тағдырын дәріптеу мақсатқа алынып отыр.

Сонымен қатар, қазақтың ұлы қолбасшысы Бауыржан Момышұлына арналған монумент Екібастұздың орталық көшелерінің бірінде жылдың соңына дейін тұрғызылады. Биылғы жылы Ақсу қаласы барлығы 6 ірі жобаны жүзеге асырады. Алдымен Ақсу қаласында «Ақсу толқыны» атты бірінші республикалық конкурсын өткізу жоспарланған. Шараның басы маусым айында жаңартылған жағажайдағы мәдени шаралардан бастау алып, шарықтау шегі талантты жастардың үлкен гала концертімен аяқталады. Өңірде жүзеге асып жатқан ауқымды жобалардың бірі - «ERG БАРЫСЫ» турнирі.

Аталмыш шара Қазақстанның түрлі облыстарынан 200-ден астам адамды қамтыды. Ел арасында күміс көмей Байғабыл атанып кеткен БайғабылЖылқыбаевтың мүсіні туған ауылы Құркөлде бой көтереді. Аққулы ауданында халық әртісі, күйші Рүстембек Омаровтың 100 жылдығына орай «Күй өнерінің сарыны» күйшілер альянсы құрылмақ. Альянстың негізгі міндеті - жас ұрпаққа қазақтың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан күй өнерін насихаттау болып отыр. Жобаның қорытындысында аудан жастарынан құралған 100 күйші бір уақытта Рүстембек Омаровтың «Жастық шақ» күйін орындайды. Жастар жылы аясында Аққулы ауданының жастар орталығы «Жас шабандоз» жобасын қолға алды. Жоба атқа отыру мәдениетін үйретіп қана қоймай, «Ер қанаты - ат» эстафетасы, асау үйрету, аударыспақ сияқты ат спортын кеңінен насихаттайтын шаралардан тұрады. Ал, Ақтоғай ауданында «Ақтоғайтану» жобасы жалғасын табуда.

2018 жылдан бастап әр мектептің 5-7 сыныптарында «Ақтоғайтану» арнайы курсы енгізілген. Бұл арнайы жобада жыл бойы туған өлкенің тарихы, Ақтоғай ауданының тарихи тұлғалары мен оқиғалары, физикалық-географиялық орналасуы, тарихи ескерткіштері оқытылды.

Аталмыш жоба аясында түрлі конкурстар, көркемсөз оқу сайыстары мен оқулар өткізу қарастырылған. Баянауыл ауданында «Ruhty Qazaqstan» жобасы іске асырылмақ. Жоба аясында аудандағы республикалық маңызы бар 4 қасиетті орынға экскурсиялық тур ұйымдастырылады. Шара ауданның жас мамандары мен белсенділікпен көзге түскен жастарын қолдап, олардың еңбегін бағалап, жігерін көтеруге негізделген. Железин ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шабыт» балалар мен жастар орталығы ашылады. Балалар мен жастар орталығының ашылуы ауданның да, жалпы облыстың да шығармашылық әлеуетіне жағымды әсер етеді.

Өскелең ұрпақтың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, аудан тұрғындарының мәдени деңгейі де өседі деп болжануда. Ертіс ауданының экожүйесін жақсартуға бағытталған «Алмалы бақ- берекенің қайнары» жобасы аясында 200 алма ағаштары отырғызылды. Бұл аймақты келешекте абаттандырып, демалыс орнына айналдыру көзделген.

Сондай-ақ ауданда «Tildes» тіл орталығының «арнайы жобасы аясында» латын графикасын оқыту орталығы ашылады. Оқыту орталығы аудандық кітапхана базасында құрылатын болады. Тереңкөл ауданында «Жастар жылын» мерекелеу барысында Ресей Федерациясының Новосібір облысына іс-сапар жоспарланған. Іс-сапар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында екі мемлекет арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Ауданда қазақ мәдениеті мен руханияты үшін елеулі үлес қосқан, дінтанушы, әулие, ұстаз, тәлімгер Сейділдә қажы Түйтебекұлының кесенесін салуды жоспарлап отыр. Май ауданында «Алма бағы» жобасы бойынша аудан орталығында тамшылап суару тəсілімен алма ағашын егіп, өнім алып, жастарды еңбекке баулу қарастырылған. Шарбақты ауданында «Шарбақты ауданы тарихын және аудан аумағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу және іздеу жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында аудан аумағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу және осы ескерткіштер жинағын басып шығару жоспарлануда. «Ауылым - алтын қазынам» жобасы арқылы Успен ауданының тарихы түгенделмек.

Көне көз қариялардан аудан мен ауылдың құрылуы, өткен ғасырлардағы аңыз әпсаналар жинақталады. Успен ауданының маңында археологиялық экспедиция мүшелерімен бірлесе отырып қорғандар мен үйінділерге қазба жұмыстарын жүргізу және оларды зерттеу жұмыстары да жоспарға енген.

Павлодар ауданында оңтүстік елді мекендерден «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша көшіп келген отбасылар үшін «Арнау» фестивалі ұйымдастырылады. Аталмыш фестиваль қазақтың «ерулік» деп аталатын ата салтымен тойланады. Шара барысында ақындар арнау айтып, ән мен күйлер орындалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT