Рухани жаңғыру: Қостанай облысында 155 ауқымды жоба іске асырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданғаннан бастап Қостанай облысында 155 жоба іске асырылды. Бағдарламаның облыста орындалуы туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жыл бұрын Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қабылдағаны мәлім. Бағдарлама аясында өңірде бірқатар ауқымды шаралар іске асырылды. Соның ішінде мемлекет қайраткері, батыр Шақшақ Жәнібек Қошқарұлына ескерткіш орнату, Кейкі батыр Көкембайұлының сүйегін жерлеу рәсімі, Ыбырай Алтынсарин кесенесін жаңғырту, композитор Бақытжан Байқадамовтың 100-жылдығына арналған шаралар, І республикалық домбырашылар байқауы, Қалибек Деріпсалдин әндерін орындаушылардың республикалық байқауы, халықаралық дирижерлар форумы бар.

Сондай-ақ, ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау, заманауи қазақстандық мәдениетті дамыту және көпшілікке тарату мақсатында «Тәрбие және білім» және «Рухани қазына» кіші бағдарламалары бойынша 100 жоба мен шағын жоба өткізілген.

«2,8 млрд теңгеден артық сомаға «Атамекен» бағдарламасы шеңберінде 700-ден аса іс-шара аяқталды. Мұның бәрі нақты істердің дәлелі. Бағдарлама аясындағы жұмыстарды іске асыруға музейлер мен кітапханалар белсенді үлес қосуда. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» залы ашылды. Бұл залда киелі орындардың картасы мен шағын макеттері, олар туралы ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар, Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада Өлкетану әдебиеттерінің бөлімі ашылды. Бағдарлама аясында қалалар мен аудандар кітапханаларының күндері ұйымдастырылды. Осындай шаралар арқылы өңіріміздің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауды жаңа деңгейге көтеру мүмкін болып отыр», - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
null

Негізі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданғаннан бастап Қостанай облысында жалпы 155 жоба іске асырылды. Осы тұста бизнес-қауымдастығы мен үкіметтік емес сектордың өкілдерінің үлесі ерекше.

«Бұл тұрғыда кәсіпкерлердің көмегі мол. Нәтижесінде отанымыздың тарихын насихаттауға, азаматтық бастамаларды жандандыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік жобалар жоспарға қойылды. Әлеуметтік саланың 46 объектісін жөндеу және қайта жаңғырту, 41 елді мекен және киелі нысанды абаттандыру, тұрғын үйлерді салу, мұражай ашу, білім, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау саласындағы 41 объектінің материалдық-техникалық базасын нығайту, 16 спорт және балалар алаңын ашу бойынша жұмыс жүргізілді. Әр өңірдің қосымша білім беру ұйымдарында демеушілік көмек есебінен 23 цифрлық технологиялар кабинеті ашылғанын да білесіздер. Күні кеше меценаттар қаржысы арқылы салынған Жастар сарайын ресми түрде аштық. Оның алғашқы іс-шарасы «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсыру салтанатты кеші жоғары деңгейде өтті», - деді Ерлан Қалмақов.

Негізі облыстағы мәдениет және өнер ұйымдарының желісіне 665 объект кіретінін айта кетейік. Атап айтқанда, 365 кітапхана, 278 мәдени ойын-сауық ұйымы, 10 мұражай, 4 театр, филармония, 5 кинотеатр, 2 мәдениет және демалыс паркі бар.
null

Ал «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша материалдарды зерделеу нәтижесінде киелі орындар тізіміне Қостанай облысынан 10 жалпыұлттық маңызы бар, 19 жергілікті маңызы бар нысан енгізілді. Осы киелі объектілердің инфрақұрылымын дамыту және көпшілікке тарату жөніндегі жұмыс жалғасуда.
null

Келесі нысандар: Алтынсарин ауданында - Ы.Алтынсариннің туған жері - Омар құдығы, Амангелді ауданында - Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы кесенесі, Жангелдин ауданында - Татыр шайқасының жері, Ұзынкөл ауданында - Никольский шіркеуі, Арқалық қаласында - Жәуке Назарғұлұлының кесенесі жөнделді және қалпына келтірілді. Қазыбай әулие Ақпанұлының жерленген жері (Жангелдин ауданы) және Барақ батыр кесенесінің (Сарыкөл ауданы) аумағында қажылыққа барғандарға арналған үйлердің құрылысы аяқталды.

«Қазір менің тапсырмам бойынша, қалалар мен аудандар әкімдіктері осы нысандарға қажетті жөндеу, жаңғырту және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді бастады. Оған тартылған қаражат есебінен 88,5 млн теңге жұмсалуы жоспарланған. 2019 жылдан бастап қостанайлықтар киелі жерлерге виртуалды экскурсия жасай алады. Жалпы, былтыр тұрақты негізде Мемлекет басшысы Жолдауларының негізгі басымдықтарын, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын ілгерілету жөнінен идеологиялық жұмыс жүргізілді. Жалпы 750 мыңға жуық адам қамтылған 6 мыңнан астам кездесу өткізілді», - деп түйіндеді басқарма басшысы.

Ерлан Қалмақов айтқандай, 2019 жыл өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде айтарлықтай жаңалықтарға толы болмақ. Әсіресе, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ілгерілету, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Жастар жылын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
null

Соңғы жаңалықтар