«Рухани жаңғыру» бойынша кешенді жұмыстар жалғасады - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кешенді жұмыстар жалғасады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыстарды жалғастырамыз. Маңызды міндеттердің бірі - тарихи-мәдени мұраларымыздың қорғалуын қамтамасыз ету, танымалдығын арттыру»,- деді ҚР Президенті. 

Осы орайда Мемлекет басшысы Парламент қарауында аталған бағдарламаны ұтымды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасы жатқанын еске салды.

«Оның қабылдануы әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес тарихи қасиетті нысандарды тиімді дамытуға және қорғауға септігін тигізетін болады», - деді Елбасы.

Айта кету керек, бүгін Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуді тапсырды. Сонымен қатар, келесі Жолдауда қандай мәселелер қозғалатынын айтты. Елбасының айтуынша, Үкімет аграрлық ғылымды дамытуға назар аударуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар