«Рухани жаңғыру» бағдарламасының биылғы жұмыс жоспары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін биыл 97 тармақтан тұратын жоспар жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тағы бір үлкен бағыт – бұл қоғамдық сананы рухани жаңғырту. Білетіндеріңіздей, бұл туралы осыдан үш жыл бұрын ұзақмерзімді арнайы бағдарлама қабылданған. Осы уақыт ішінде біраз шаруа атқарылды. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама аясында 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Бағдарламаны іске асыру бойынша биылғы 2020 жылға арналған 97 тармақтан тұратын жоспар да бар. Оған сәйкес атқарылатын іс-шаралар – тұлғалық даму, ұлттық ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту сияқты 3 бағытқа бөлінген. Міне, әр өңірдің осындай өз жоспары бар», - деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде.
Министр ақпараттандыру жағынан rruh.kz порталы және осы бағдарламаға қатысты барлық мәселелерді талқылау үшін арнайы «Азаматтық алаң» жұмыс істейтінін жеткізді.
«Әрине, кенже қалған мәселелер де бар. Олар бойынша біз жергілікті ресурстық орталықтармен тығыз қарым-қатынастамыз. Біздің жағымыздан «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет», «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып» атты 4 арнайы жоба ұсынылып отыр. Олардың әрқайсысына жеке концепция жасалып қойған. Бұл жобалардың барлығының негізгі идеясы – тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру», - деді Аида Балаева.
- Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова
- ХҚО ақпараттық жүйесі кідіріспен жұмыс істеп тұр
- Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды
- Көлік полицейлері жолаушылардың мазасын алған жүргізушілерді жауапқа тартып жатыр
-
Көлсай мен Қайыңды көлінде коньки тебуге бола ма - министрлік жауабы
-
Атырауда мас көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам