«Рухани жаңғыру» бағдарламасына өзгерістер енгіземіз - Данияр Есин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Zoom платформасы арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында форсайттық зерттеулер нәтижесін талқылауға арналған диалогтық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болашақ қазақстандықтардың бейнесі «Рухани жаңғыру« бағдарламасының 6 тұжырымдамалық функциясы негізінде жеке тұлға ретінде дамумен тығыз байланысты. Бұл жердегі негізгі даму бағыттары - бәсекеге қабілет, сананың ашықтығы, прагматизм және ұлттық құндылықтарды сақтау. Сондықтан да «Рухани жаңғыру« бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізгіміз келеді. Себебі қоғамды жаңғырту - әрбір азаматты және бүкіл ұлтты жаңғырту деген сөз», - деді «Рухани жаңғыру» Қазақстанның қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Данияр Есин онлайн конференцияда сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, аталған шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алдағы даму бағыттары айтылды.

«Бұл - жақсы бастама. Жылдың соңында жақсы нәтиже көретінімізге сенімдімін. Жақында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ұлттық сананы жаңғырту бойынша комиссия отырысы өтті. Сол жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдық нәтижесі қорытындыланды. Жұмыс нәтижесіне оң баға беріліп, ендігі уақытта аталған бағдарламаның басым бағыты ұлттық жаңғыруды дамытуға мән беру керектігі айтылды. Осы орайда бүгінгі форсайттық зерттеу «Рухани жаңғыру» бағдарламасының одан әрі жүзеге асуына ықпалы тиеді деп ойлаймын», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің жетекшісі Нұрлан Күнтуов.

Айта кетейік, аталған конференцияға сарапшылар және түрлі сала мамандары қатысты.


Соңғы жаңалықтар