«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында стратегиялық бағыт жалғасады - Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында стратегиялық бағыт жалғасады. Бұл туралы халықпен есептік кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына тоқталған министр, «Елбасының белгілеп берген стратегиялық бағытын жалғастырып, қоғамдық сананың жаңғыруына жол ашу жұмысы тоқтамайды. Биыл бағдарламаға 2 жыл толды. Осы уақыт аралығында институционалдық нығайту, методикалық қамтамасыз ету, жаңа жобалардың толығуы мен мазмұнның артуы бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бағдарлама аясында 62 мыңнан аса іс-шара жүзеге асырылды», - деді Д. Абаев.

Осы орайда министр 2 жылдың ішінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында бүкілхалықтық онлайн дауыс беру арқылы 131 жеңімпаз анықталғанын еске салды. Ол азаматтар өскелең ұрпаққа үлгі бола білді. Биылғы жылы жобаның үшінші кезеңі басталады.

«Туған жер» жобасының аясында 2018 жылы елдегі 2 мыңнан аса меценаттың жұмылуымен 2 199 жоба жүзеге асты. Жалпы сомасы 109 миллиард теңгені құрайтын іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, 27 мектеп, 115 балабақша, 154 мәдени нысан, 41 денсаулық сақтау нысаны және 284 спорт нысаны салынды», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар