Рухани жаңғыру: Алматыдағы жоғарғы оқу орындары «University 38» альянсын құрды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 38 жоғарғы оқу орны бір альянсқа бірікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан құрылған Университеттер альянсының мақсаты ұстаздар қауымы мен ЖОО сарапшыларының әлеуетін Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға пайдалану. Халықаралық Бизнес университетінің Әлеуметтік даму саласы бойынша проректоры Қайыржан Меңдіғалиев Альянстың негізгі міндетін атап көрсетті.

«Біздің құрып отырған U-38 (University 38) Альянсының негізгі міндеті - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ЖОО-лардың күшін біріктіру. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУқазіргі уақытта бастамашы болып отыр. Барлық оқу орындарының бірігуі ұстаздардың күшін біріктіреді. Енді біз ғылыми, әлеуметтік сияқты бірқатар бағыттарды анықтап алып, жұмыс жоспарларын қарастырамыз», - деді Қайыржан Меңдіғалиев.
null 

Алматы Энергетика және байланыс университетінің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Зарема Абдуллина патриоттарды тәрбиелеуде ЖОО-лардың күш біріктіруі өте маңызды екеніне тоқталды.

«Бұл идея «Рухани жаңғыру» бағдарламасын күткен, пісіп, уақыты жеткен жоба десек болады. Себебі, «Рухани жаңғырудың» басты өзегі - рухани құныдылықтарымызға оралу. Ал бұл міндетті біз бірліксіз атқара алмаймыз. Біз көпұлтты елміз. Өзге көпұлтты елдермен салыстырғанда біз тату тұрамыз, неге? Өйткені, біз барлығымыз Қазақстанды сүйеміз. Осы бағытта студенттерді тәрбиелеуде әр Университет орасан зор қызмет атқарып отыр. Бірақ, әркім өзінше қимылдайды. Сондықтан, біздің бірігуіміз - маңызды. Біз бұған ұзақ дайындалдық. Мақсатымыз айқын: Мемлекет басшысы көрсетіп берген міндеттерді жастардың бойына сіңіру. Атап айтқанда, мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм сынды адам капиталын дамытатын жаңа заман талаптары», - деді ЗаремаАбдуллина.

ЖОО өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда Университеттерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалыса алатын 15 мыңнан астам ұстаз бар. Алматыда барлығы 38 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар