+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Рухани жаңғыру: Әлеуметтік жобаларға конкурс жарияланды

2020 жылғы 15 қаңтар 18:40
Бөлісіңіз:
Рухани жаңғыру: Әлеуметтік жобаларға конкурс жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ «Өзгерістердің саруарлары» акселераторы аясында әлеуметтік жобалар конкурсының басталуы туралы хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, 2020 жылғы 15 қаңтардан сол жылдың 28 ақпанына дейін жалғасады. «Акселератордың негізгі міндеті әлеуметтік, гуманитарлық саладағы инновациялық жобаларды ілгерілету үшін жағдай жасау, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған озық тәжірибені тарату болып табылады. Жыл соңына қарай акселератордың кемінде 10 жобасы республикалық мәртебеге ие болады және мақсатты аудиторияны кеңінен қамтиды», - деді «Рухани Жаңғыру» ҚҚДИ Басқармасының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев. Байқауға қатысуға қызметі келесі бағыттарды қамтитын ҒӨБ өкілдері, кәсіпкерлер, Нұр-Сұлтан қаласындағы бастамашыл топтар шақырылады:

-Инклюзивті қоғамды дамыту (жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау), Формалды емес білім беру шеңберінде (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, сандық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру) өзекті құзыреттіліктерді дамыту;

- Ауыл шаруашылығы, өлкетану, білім беру туризмін дамыту;

-Мәдениет, өнер және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін Art-алаңдарды дамыту,

-Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;

-Жүйелі жобалық ойлауды дамыту, көшбасшылық әлеуетті нығайту.

Конкурстық іріктеуден өткен және акселераторға кірген жобалар жобаны ақпараттық қолдау, қаржыландыру көздерін іздестіруге, бизнес-жоспарды әзірлеуге, жаңа серіктестер мен негізгі ұйымдарды іздестіруге жәрдемдесу мүмкіндігіне ие болады.

Конкурсқа қатысу үшін сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет.

1-қосымшаға сәйкес қазақ/орыс тілдерінде өтінім беру уақыты: 2020 жылдың 28 ақпаны, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін.

Акселераторға іріктеу кезінде мынадай критерийлерге сәйкес келетін жобаларға артықшылық беріледі:

1. Жобалау құжаттамасының пысықталуының жоғары дәрежесі,

2. Жобаның пилоттық режимде іске асырылуы,

3. Жобалық команданың қажетті мамандармен жасақталуы,

4. жобаның масштабтауға дайындығы,

5. конкурсқа жоба идеялары немесе жоба пилоттық режимде іске асырудың бастапқы сатысында ұсынылған жағдайда таңдалған саладағы жобаларды іске асырудағы жобалық команда қатысушыларының өткен тәжірибесі ескеріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT