Рухани жаңғыру: Ақмолада республикалық өлкетану акциясы бастау алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Рухани» жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде республикалық өлкетану акциясы бастау алды. Еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған акция шеңберінде Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары Ақмола облысының киелі жерлеріне саяхат жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін түске дейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары Шучье теміржол вокзалына келіп жетті. Возал перронынан оларды Ақмола облысының білім басқармасы мен БАҚ өкілдері қарсы алды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 134 оқушы топтарға бөлініп, Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығына жайғастырылды.

Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, акцияға қатысушылар үшін Ақмола облысының киелі жерлері мен Бурабайдың көрікті саяхат ұйымдастырылады. Оған қоса, түрлі мәдени, спорттық шаралар қарастырылып отыр.

null

«Бүгінгі күні елімізде патриотизм және азамат тәрбиелеу идеясының қоғамдық маңызы артып, мемлекеттік маңыздағы тапсырмаға айналып отырған жайы бар. Өйткені, бүгінгі жастар Қазақстанның жарқын болашағы. Сондықтан, еліміздің ең әсем жері Бурабай баурайында осындай игі шараны өткізудің маңызы мен мәні зор. Бүгін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары бізге келсе, одан кейін ақмолалық балалар бұл облыстарға саяхат жасайды», - дейді Ботакөз Дүйсенова.

Бүгін акцияның алғашқы күні балалар Бурабай баурайындағы марал өсіру шаруашылығы аумағында жақында ашылған көне дəуірдің көзіндей көрікті «Жайлау» этноауылында болды. Онда балалар қаз-қатар тігілген қазақтың ақшаңқай киіз үйіне кіріп, ұлттық тағамына дәм татып, ұлттық әндерді тыңдап, алтыбақан теуіп, атқа мініп серуендеді.

«Шынымды айтсам, Бурабайға келгеніме өте қуаныштымын. Жасыл қарағайы мен қайыңы, мөлдір көлдері көз тартады. Табиғаты өте әсем. Бурабайдың сұлу табиғатын ғана тамашалап қоймай, қазақ халқының мәдениетімен танысып, жақсы көңіл-күйге бөленіп отырмын. Алдағы күндері Абылай хан алаңы мен мұражайында болып, «Хан тағын» көзбен көру. Бұл менің арманым», - деп өзінің алғашқы күнгі әсерімен бөлісті Орал қаласынан келген 8-ші сынып оқушысы Жасмин Бейсенғалиева.

null

Ұйымдастырушылардың сөзінше, Бурабай ауданындағы киелі жерлер бойынша «Абылай ханның ордасы» туристік маршрут әзірленіп отыр. Балалар Бурабай баурайындағы Абылай хан алаңы, «Хан тағы» және Абылай хан мұржайын аралап көретін болады.

Сонымен қатар, жақында қылпына келтірілген Бурабай кентінің мұражайы мен «Бурабай Даму» визит орталығында болып, көрікті жердің тарихи мен бүгінгі туралы біраз деректерге қанығады. Экскурсия соңында қызылордалық және батысқазақстандық мектеп оқушыларды Көкшетау қаласындағы облыстық өлкетану тарихи -мұржайы мен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған коворкинг орталығының жұмысымен таныстыру жоспарда бар.

null
Айта кетейік, «Звездный» балалардың сауықтыру орталығы-Ақмол облысы білім басқармасының жанындағы балалар мен жасөспірімдердің туризм, өлкетану және экология орталығы, мемлекеттік лагері. Орталық Щучье-Бурабай курортты аймағында орналасқан. Мұнда республиканың әр өңірінен келген 7-16 жас аралығындағы балалар демалады. Орталық 10 күн бойы 7 маусым жұмыс істейді. Мұнда балалар толыққанды демалуына барлық жағдай жасалынған.

Соңғы жаңалықтар