Рухани жаңғыру: Ақмолада 55 ескерткіш QR-код арқылы цифрландырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мыңнан астам тарихи және мәдени ескерткіштің 55-і QR-код арқылы цифрландырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде, өңірде «Ескерткіштер сыр шертеді» акциясы және қазіргі заманғы технология - QR-кодтардың  көмегімен өңірдегі киелі нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш жоба шеңберінде өңірдегі 55 ескерткіш QR-код арқылы цифрландырылды.

Олардың арасында Бурабай кентіндегі Абылай хан алаңы, Ерейментау ауданында XVIII ғасырда өмір сүрген қолбасшы Бөгенбай батыр ескерткіші, Атбасар ауданындағы танымал жазушы Ілияс Есенберлин ескерткіші, Көкшетау қаласындағы Абылай хан, Ақан сері, Біржан сал, Ұлы Отан соғысының батырлары Талғат Бигелдинов пен Мәлік Ғабдуллин  ескерткіштері және  Көкшетау қалалық мұражайы сияқты нысандар бар.

null  QR-кодтың басты артықшылығы - смартфондағы мобильді қосымша арқылы цифрландырылған ақпаратты анықтауға оңай. Яғни, QR-кодтары бар кесте арқылы өңірдің тарихи және мәдени нысандарымен танысуға болады. Онлайн жүйе арқылы қажетті ақпаратты да жүктеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, QR-кодтар арқылы негізгі тарихи мәліметтер бар мәтіннен бөлек, тарихи тұлға мен оқиғалар туралы көркем фильм жүктеуге болады. Аталмыш жоба облыс тұрғындары мен қонақтары және туристерден бөлек, танымдық жағынан өсіп келе жатқан келешек ұрпақтың да қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.null

 

Соңғы жаңалықтар