Рухани жаңғыру: Ақмолада 4 жыл ішінде атқарылған жұмыстар сараланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының төртін жыл ішінде атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімова, өңірлік комиссия, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы мен сараптамалық кеңес мүшелері, аудандар, Көкшетау және Степногор қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев төрт жыл ішінде «Рухани жаңғыру» еліміздің негізгі идеологиялық құжатына айналғанын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында осы бағдарламаны одан әрі жалғастыру мәселесіне баса мән бергенін атап өтті.

«Өңірде соңғы 4 жыл ішінде 6 бағыт және 18 арнайы жоба іске асырылған. Оның ішінде, 2020 жылы облыста 800 мыңға жуық адамды қамтумен 8000-нан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Облыста өңірлік жобалық кеңсесінен бөлек, 44 «Рухани жаңғыру» 44 кабинеті жұмыс істейді. 2020 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 миллион теңгеге 2 жобасы жүзеге асырылды», - деді ол.


Сонымен қатар, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік сараптама кеңесінің мүшесі Аманай Сейітқасымов атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

Шара соңында облыс деңгейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене ат салысып жүрген азаматтар марапатталды.


Соңғы жаңалықтар