Рудныйлық полицей өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшысы өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода мәлім еткендей, «102» кезекші пультіне оқиға куәгері суицид әрекеті туралы хабарлаған. Оқиға орнына Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Жәнібек Ғалымханов пен Нұрбек Есқабыл жетті.

Тәртіп сақшылары көппәтерлі үйдің жиегінде тұрып, секіріп кетпек болған әйелді көреді.

«Оқиғаның жай-жапсарын түсінген соң әріптесім екеуміз шешім қабылдадық. Сержант Есқабыл өзіне қол жұмсамақ болған 52 жастағы әйелді сөзге тартып тұрды. Ал мен кіреберіс маңдайшасының үстіне шығып, әйел тұрған қабатқа қарай жақындадым», - деді Жәнібек Ғалымханов.

Полицей өзіне қол салғысы келген әйелді дереу пәтер ішіне кіргізді. Осылайша, суицид әрекетіне тосқауыл қойылды.

null

Соңғы жаңалықтар