Рудныйдағы скейт-алаңда жас келіншек балалармен жанжалдасып жүр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жаңадан ашылған скейт-алаңда әйелдер мен жасөспірімдер тағы да жанжал шығарды. Жаға ұстатар оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеодан жас келіншектің велосипед мінген балаларға қол көтеріп жатқаны көрінеді. Оны Инстаграм парақшасында evgeniia4000 никімен тіркелген пайдаланушы жариялаған. Оның айтуынша, «Горняк» сауда орталығының алдындағы алаңқайда жас келіншек оның ұлын балағаттап, қол көтерген.

Қостанай облыстық ІІД өкілдері полиция осы видеоның егжей-тегжейін тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 6 мамырда да осындай жағдай болған еді. Әлеуметтік желіде Қостанай парктерінің бірінде жасөспірім мен әйелдердің ойын-сауық құратын алаңқайға таласқан сәті түсірілген видео таралған. Сол кезде әйелдердің бірі әкімшілік жауапқа да тартылған болатын.

Соңғы жаңалықтар