Рудныйдағы көші-қон полициясының бұрынғы басшысы 3 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рудный қалалық соты қалалық ІІБ көші-қон полициясының бұрынғы басшысы Андрей Дворскийге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015 жылдың 29 желтоқсанында Рудный қалалық ІІБ көші-қон полициясының бөліміне азаматша М. келіп, тұрмысқа шығуына және тегін ауыстыруына байланысты жеке басын куәландыратын құжатын ауыстырмақ болды. Ол Қазақстан азаматшасы болып табылмайды. Қағаздарды қабылдаудан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарумен бірге әкімшілік жауапкершілікке тарту жазасын қарастыратын жеке басты кәуландыратын құжаттарды уақытылы емес ауыстыру фактісі анықталған.

А.Дворский әйелден 250 мың теңге көлемінде пара беруді сұраған. 2016 жылдың 6 қаңтарында оны алу кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қызметкерлеріне ұсталған. Айыпталушыға қатысты кепіл төлеу түріндегі бұлтартпау шарасы алынды.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК-нің 266-бабының 2-бөлімімен (мемлекеттік қызметтерді орындауға өкілетті тұлғаның пара алуы) кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзеу абақтысында 3 жылдық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сондай-ақ ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сотталушы сот залында қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар