Рудныйдағы ақау шыққан аттракцион: іс сотқа жетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында жаңадан салынған шолу дөңгелегінің жұмысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 14 мамырда Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсесіне «Рудный қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ және Рудный қаласы әкімінің аппаратынан талап арыз келіп түсті. Ол бойынша Рудный қаласындағы «Шолу дөңгелегі» аттракционын пайдалануға тыйым салу туралы азаматтық іс қозғалды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде сот аталған аттракционды пайдалануды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті сот сараптамаларын тағайындау мәселесі шешілуде.

Еске салсақ, Рудный қаласының тұрғыны шолу дөңгелегінің дұрыс айналмай тұрғанына шағымданып, әлеуметтік желілерге бейнежазба таратқан болатын. Алайда, «АлатауГорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі Александр Кореневтің сөзінше, шолу дөңгелегі пайдалануға берілген уақытта ақаусыз жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар