Рудныйда жоғалып кеткен оқушы гараж кооперативінен табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда іздестіріліп жатқан мектеп оқушысы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 қыркүйекте кәмелет жасына толмаған бала мектептен шығып кетіп, үйіне оралмаған. Осы уақытқа дейін ол Рудный қаласы гараж кооперативтерінің бірінде болған. Қазіргі уақытта оқушы анасына қайтарылды»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бұған дейін жазғанымыздай, Рудный қаласының полицейлері 16 қыркүйек күні жоғалып кеткен оқушыға іздеу салған болатын.



Соңғы жаңалықтар