Рудныйда жанармай бекеті маңына тасталған сәбидің анасы табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласындағы жанармай құю бекетінің маңына тасталған жаңа туған сәбидің анасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласының полицейлері безбүйрек ананың кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.

«Рудный қаласындағы жанармай бекетінің маңынан табылған нәрестенің анасына қатысты ҚР ҚК «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды», - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 9 қыркүйекте сағат 22.25-те Сандригайло көшесіндегі жанармай құю бекетінің жанынан жаңа туған нәресте табылды. 

Қыз баланы анасы жанармай стансасының артқы жағындағы ағаштардың арасына тастап кеткен. Қазір нәресте Рудный қалалық перинаталды орталығында жатыр. Жағдайы бірқалыпты.

Соңғы жаңалықтар