Рудныйда жаңадан салынған шолу дөңгелегінен ақау шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында 330 млн теңгеге салынған шолу дөңгелегінен ақау білінді. Бірақ, бұл жөнінде мердігер ұйым басқаша пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный қаласының тұрғыны шолу дөңгелегінің дұрыс айналмай тұрғанына шағымданып, әлеуметтік желілерге бейнежазба таратқан болатын. Алайда, «АлатауГорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі Александр Кореневтің сөзінше, шолу дөңгелегі пайдалануға берілген уақытта ақаусыз жұмыс істеген.

«Бұл жерде саябақ қызметкерлерінің немқұрайлы қарауы алаңдатады. Бейнежазбадан кабинаның құлпы жабылмағанын байқауға болады. Биіктікке көтерілу кезінде кабинанының есігі ашылып-жабылып тұрды. Бәлкім, саябақ қызметкері құлыпты жабуды ұмытып кеткен болар», - дейді Александр Коренев.

Мердігерлік ұйым шолу дөңгелегінің барынша қауіпсіз екенін айтады. Сапа сертификатынан өткен. Дөңгелекті іске қосар алдында орнатылған конструкцияға толық тексеру жүргізу үшін ресейлік компания мамандары келген. Сондай-ақ, шолу дөңгелегінде қатты жел кезінде іске қосылатын дабыл белгісі орнатылған.

Рудный қаласы әкімдігі бұл жайтқа қатысты комиссия құрғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар