Рудныйда тыйым салынған кітаптар тәркіленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасында тыйым салынған журналдарды сақтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Рудный қаласының 54 жастағы тұрғынынан Қазақстан Республикасында тыйым салынған сектаның журналдары тәркіленді.

«Сот тексерісінің нәтижелері бойынша экстремистік бағыттағы 15 журнал анықталды. Бұл журналдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, жариялауға және таратуға тыйым салынған», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.

Рудный қаласы сотының үкімімен ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 453-бабы, 4-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол мемлекет қазынасына 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.


Соңғы жаңалықтар